Ауданның әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, тарихи құндылықтарды насихаттап, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келе жатқан Құрманғазы аудандық музейіне Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі аудандық музейлер арасынан «ҮЗДІК АУДАНДЫҚ МУЗЕЙ» номинациясымен марапаттады.
Ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарды, бай мұраларды көзінің қарашағындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізудегі еңбектеріңізге жетістіктер және игі бастамаларға сәттілік тілейміз!