Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.
«Аудан бойынша заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуды болдырмау шаралары» жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Насипов хабарлама жасады. Комиссия төрағасы Амангелді Хайдарұлы заңдағы өзгерістерге сәйкес кәсіпкерлікті тексеруге рұқсат етілген жағдайда алдағы 1 қаңтардан бастап бұл жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Аудандық полиция бөлімі, ауылдық округ әкімдерімен бірлескен заңсыз кәсіпкерлікті анықтау шаралары ауданның салық базасын кеңейтуге үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
Күн тәртібіне сай комиссия отырысында «Жергілікті бюджет қаржысының сапалы және уақтылы игерілуі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар», «Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары» бойынша хабарламалар тыңдалды. Мәжілісті А.Мұратов қорытындылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай босаңсуға жол беруге болмайтындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Айнагүл Шакупова