Құрманғазы ауданы Нұржау округі Аналар кеңесі "Заманауи ертегі" жобасы аясында әжелер мен кіші жастағы оқушы балалардың клубын құрды.
Жетекшісі Аналар кеңесінің мүшесі Басығараева Нұргүл. Ұлттық құндылықтар отбасы тәрбиесі арқылы беріледі. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші — әжелер екені даусыз. Балаларға ертегі айтудың маңызын түсіндіріп, оларды кітап оқуға машықтандыру бағытында өнегелі әжелер мен балалар клубында «Әжем айтқан ертегілер» тақырыбында кезекті ертегі сағаты өтті. Бұл жұмысты ардагер ұстаз, өнегелі әже Айдын Айдарбекқызы өткізді.