Заң талаптары орындалу үстінде

(0 Votes)

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдары аясында бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылады. Осы орайда Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ауылдық округтер бюджеттерінің төртінші деңгейге ауысуына байланысты «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету жөнінде округ қызметкерлеріне ескертілді.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы бойынша округ бойынша тиесілі жұмыстар атқарылып, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүлік иелері анықталды. Оларға қараусыз қалған ғимараттарды іске қосу немесе бұзып алу туралы тапсырма берілді.

«Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңына сәйкес электронды цифрлық қолтаңба пайдалану және қолдану тәртібі жеке бақылауға алынды. Күні бүгінге дейін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ауыл тұрғындарына 29 электронды цифрлық қолтаңба ашылып, тиісті жауаптары берілді.

Бақытгүл БАҚЫТБЕКОВА,

Сафон ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT