Заңсыз такси қызметін көрсеткендер айыппұлға ілігеді

(0 Votes)

Такси қызметі бойынша Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық Кодексінің талаптарына сәйкес, жеке тұлғалар мемлекеттік кірістер басқармасынан патент алып такси қызметін бастауы қажет.

Аталған қызмет бойынша жол ақысына баға қою - қызмет көрсетуші тұлғалармен белгіленеді. Алайда, заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген тұлғаларға, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 463 бабына сәйкес айыппұл салу көзделген. Осыған байланысты жыл ішінде құзырлы органдармен такси қызметіне қатысты қолданыстағы заңдылықтар аясында рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрады. Рейдтік шараларларды ұйымдастыру кезінде такси қызметімен айналысып жүрген тұлғаларға заң бұзушылықтарына байланысты бірқатарына аудандық полиция қызметкерлерімен хаттама толтырылғанымен, кейбір такси жүргізушілерді анықтау мүмкін болмай қалады. Себебі, тоқтатылған көліктегі жолаушылар такси емес жеке көлігіміз деген сылтаумен жүре береді. Такси қызметімен айналысып жүрген тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтар жасалған болса, немесе осы мәселеге байланысты қандайда бір шағымыңыз болса, нақты дәлеліңізбен құзырлы органдарға шағымдануыңыз қажет. Кез келген рейдтік тексерістерді ұйымдастыру және такси қызметімен айналысып жүрген тұлғаларға шара қолдану өтініш негізінде қаралатындығын қаперіңізге береміз.

Руслан Сиражев,

аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT