Заңсыз сақталған қарулар, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу АКЦИЯСЫ

(1 Vote)

Атыс қаруларымен, оқ – дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың сәуір айының 20-нан бастап халықтан Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі.

Бұл акция Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ 27.03.2015 жылғы №266 санды «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтардан өз еріктерімен бұрын ішкі істер органдарында есепте болмаған заңсыз сақтаудағы қаруларды қабылдап алып, оларға олардың санатына сәйкес түрлі мөлшердегі сыйақылар береді. Сыйақыны беру арнайы құрылған комиссияның шешімімен қаруы қабылданып, арнайы тексерістерден өткен соң, қарудың материалдық жай – күйін ескере отырып арнайы ережеге сәйкес 3 санатты қолданылады беріледі: 1 санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100 пайызы есебінен жүргізіледі, 2 санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 70 пайызы есебінен жүргізіледі, 3 санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 30 пайызы есебінен жүргізіледі.

Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді, өз еріктерімен Ішкі  Істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, ПБ «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды  сұрайды.

ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді  қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде сыйақы алу үшін тапсыруға ұсыныс жасайды.

МЕРЗІМ  ӨТЕ ТЫҒЫЗ АСЫҒЫҢЫЗ!!!

Мына телефондарға хабарласуыңыз сұралады: Құрманғазы АПБ байланыс телефондары: 2 – 11 – 20, 8778-315-35-44.

А.Ш.Ихсанов, Құрманғазы АПБ ӘПБ  
азаматтық және қызметтік қару айналымын
бақылау тобының инспекторы
полиция лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521