Заңсыз құрылған аулардың залалы шаш етектен

(0 Votes)

Өткен сенбіде ауданымызда республикалық «Аулардан таза – су айдындары» атты акция өтті.

Оны «Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Акцияның тиісті дәрежеде өтуіне аталған инспекцияның аудандық бөлімінің қызметкерлерімен қатар бірнеше шаруа қожалықтары да қайықтарымен атсалысты.

img_3802

Бізбен әңгімесінде «Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» ММ аудандық инспекция бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, «Құрмет» орденінің иегері Таңатар Қуанәлиев: – Еліміздің Экология, гиология және табиғат қорғау министрінің тапсырмасына сәйкес Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республикалық «Аулардан таза – су айдындары» атты акция өткізуге тапсырма берген болатын. Акцияның мақсаты су бойын иесіз қалған және браконерлік мақсатпен құрылған балық ауларынан тазарту. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдеріне енгізілмеген синтетикалық нейлондық, полиамидті және синтетикалық моножіптерден тоқылған (қытай сеткасы) құралдарымен балық аулауға жол берілмейді. Қиғаш трансшекаралық өзені екі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы Атырау облысы Құрманғазы ауданының және Ресей Федерациясы Астрахань облысы Красный Яр және Володар аудандарын қиып өтеді. Өзен Еділдің шығыс бөлігінің бір саласы, Красный Яр ауданының Байбек елді мекені тұсынан басталып, 40 шақырымға созылып жатыр. Одан әрі Володар ауданында 105 шақырымы Иголкин балық өткелі каналына жалғасып Каспий теңізінің солтүстігіне құяды. Осы акция барысында өзен бойы мен оның сағаларын түгелдей тексеріп заңсыз құрылған аулардан тазартамыз.

img_3826

img_3827

Бүгінгі акцияға Құрманғазы инспекция бөлімінен 23 қызметкер, үш дана су көлігі, яғни «Күзетші -029», «Күзетші -022» күзет катерлері, «Вельбод» моторлы қайығы, 3 дана автокөлік, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, табиғат пайдаланушылардан «Каспий-Балық», «Каспий таңы» ӨК, «Амангелді», «Тілекші», «Сүлейменов» ЖШС, «Сәрсенбаев» ШҚ балықшылары, барлығы 60 адам мен 15 дана қайықтар қатысты, - деді.

img_3853

– Біздің мақсатымыз балық аулаумен бірге оның қорына, эклологияға зиян келтірмеу, су бойын таза ұстау.Өзіміз белгіленген жоспардан шығып жүргенімізбен, аулау барысында заңсыз құралдарды мүлдем қолданбаймыз. Осы акцияда «Каспий-Балық» және «Амангелді» өндірістік кооперативтерінің ұжымдары да бізбен бірге жүр. Балық – халықтың игілігі. Оның жүретін жолдарына тыйым салынған құралдарды құрып, браконьерлік жасап, рұқсатсыз аулауға өз басым қарсымын. Соңғы кезде балық қоры біраз кеміп кеткені өздеріңізге мәлім. Оған себеп өзен бойларының жылдап қазылмауы мен браконьерлік. Республикалық деңгейде мұндай акцияның ұйымдастырылуын қолдаймын. Сол себепті оған қатысып, балық байлығымызды қорғауға өз үлесімізді қосайық деген мақсатпен өзен бойына шықтық, - дейді «Сәрсенбаев» ШҚ қайықтарының жетекшісі Ғизат Аюпов.

img_3856

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT