Заңсыз әрекет етушінің жетегінде кетпеңіз

(0 Votes)

Кұрметті Кұрманғазы ауданының турғындары! Қазіргі таңда әлемде болып жатқан коронавирус індетіне қарсы күрес іс-шараларының жүргізілуіне байланысты еліміздің мемлекеттік территориясынан шекара бақылау бекеттері арқылы адам өткізілуі токтатылды.

Дейтұрғанмен елімізге кіріп-шығу заңлылықтарын бұзушылар кездесіп тұрады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚК Шекара қызметімен Құрманғазы ауданында Қазақстан Республикасының заңнамалын бұзғаны үшін жауапқа тартылған азаматтардың келесі талдау нәтижері көрсетілді.

Жыл басынан бастап 46 құқық бұзушы тіркеліп, әр түрлі әкімшілік құқық бұзушулық бойынша жауапқа тартылды (ҚР ӘҚБК 514 бабы бойынша – 11 адам, ҚР ӘҚБК 512 бабы бойынша – 8 адам,ҚР ӘҚБК 510 бабы бойынша - 23).

Сонымен қатар, мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін 3 Қазақстан Республикасының азаматы заң алдында жауап берді, оның екеуі Құрманғазы ауданы, Кудряшов елді мекенінің тұрғындары.

Нақтылай кетер болсақ, 2020 жылдың 3 қаңтарында «Сазды» шекара бөлімшесінің аумағында №33 шекара белгісінің тұсынан Қазақстаннан Ресей жағына өтпекші болған ҚР азаматы А.С.Корчевой, Ресей Федерациясының шекара қызметінің өкілдерімен құрықталды. 2020 жылдың 4 наурызында «Ер Қосай» шекара бөлімшесінің аумағында Қиғаш өзенінің бойында тағы да іргелес Ресейге қарай адасып өтіп кеткен Құрманғазы ауданы, Кудряшов елді мекенінің тұрғындары А.Н. Чаплыгин және А.Ухов ресейлік шекарашылармен тоқтатылды.

Сондай-ақ, пандемияға орай РФ-ның аумағынан жұмыс жасап жүрген орта Азия мемлекеттерінің азаматтарын РФ заңнамаларын бұзуына байланысты өз елдеріне қайтаруда. Осыған байланысты елдеріне қайтарылған осындай азаматтар Ресейдің аумағында қалып кеткен туысқандарына немесе жұмыс жасап жүрген жерлерінен еңбекақыларын алу мақсатында Қазақстан арқылы Ресей Федерациясы аумағына өтуі ықтимал.

Осы ретте Ресей жағына заңсыз өтуге ниеттенушілер Құрманғазы ауданының аумағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарының көмегіне мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.

Бұл орайда ескертпемізге бағынбайк көмектескен жағдайда келесі баптар бойынша жазаланатынын қаперге береміз:

1. ҚР қылмыстытық кодексі: - 392 бап «ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» - 1 тармағы бойынша 1 жыл, - 2 тармағы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс: - 514 бап «ҚР Мемлекеттік шекарасының режимін бұзу»5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуі қарастырылған - 517 бап «Шетелдіктің немесе азаматығы жоқ адамның ҚР халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» 15 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуі қарастырылған.

Осы мәселеге байланысты Құрманғазы ауданының шекаралық аумақтарында шетел мемлекеттерінің азаматтарын байқаған жағдайда Құрманғазы ауылында орналасқан шекара қызметінің басшылығына хабар берулеріңізді өтінеміз. Себебі, мемлекеттік шекараны тек қана шекарашылар ғана емес бүкіл қазақ елі болып күзетуіміз тиіс.

Егерде ҚР Мемлекеттік шекараның бұзылуын немесе шекараға қатысты заңнамаларын бұзулу әрекеттерін байқалған жағдайда мына телефон номерлеріне хабарласуларыңызды өтінеміз:

- ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша Департаментінің жедел кезекшісі 8 7122 99 55 55.

- Құрманғазы шекара бөлімінің кезекшісі 8 7123 32 03 18.

- Құрманғазы шекара бөлімбастығының орынбасары 8 775 432 91 59.

ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша Департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521