ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің «Құрманғазы» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімшесінде «Атырау -Астрахань» «ГАЗЕЛЬ» автокөлігімен контрабандалық жолмен дәрілік препараттар алып өтпекші болған Ресей елінің азаматы анықталды.
Заң бұзған азамат жалпы саны 1000 данаға жуық дәрілік препараттарды арнайы принтерлердің картридждері деп, қораптарға салып шекарадан жасырып өтпекші болған. Алайда пысыққайдың бұл айласына шекарашылар тосқауыл болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ақпарат бөлімінің офицері, аға лейтенант Айтәлі Өмірбат