Заңсыз балық аулаушылар ұсталды

(11 Votes)

Кез-келген іс арнайы жоспармен үлкен дайындықты талап етеді. Бүгінде ел шекарасын асқан қырағылықпен күзетіп жүрген шекарашылар көптеген мемлекеттің әр саласымен бірлесе біршама жұмыстар атқарып келеді.

Еліміздің үлкен байлықтары бар екені бәрімізге мәлім. Алайда таяқтың екінші ұшы бар емеспе? Байлықтарымызды аяусыз тонап қолдан қолға емін еркін сата беретін жандар да көп екені хақ. Бұрында айтылған, қазірде айтылатын, болашақта да айтылатын нәрсе ол - броканьерлік қылмыс. Бұл іс сағызша созылып келе жатыр. Еліміздің заң бұзушыларымен күресу мақсатында ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаменті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Орман шаруашылығы Комитетімен бірлескен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Атырау облысына қарасты, Құрманғазы ауылында бірнеше заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. Жергілікті тұрғындар сол маңдағы Каспий, Қиғаш, Жайық сынды теңіз, өзендерден заңсыз балық аулаумен айналысып келген. Браконьерліктің жолын кесу үшін ҰҚК ШҚ Атырау облысы департаментінің Арнаулы мақсаттағы Ұтқыр іс- қимыл тобы жұмылдырылды. Алғашқы күндері Қиғаш өзенінен 10-ға жуық ұзындығы 4-5 метрлік балық аулау торлары шығарылды.

zasyz-baly2

img-20210122-wa0134

Осыдан кейін майор Ю. Гафаров бастаған арнайы барлау тобы құрылып, жергілікті заңсыз балық аулаушылардың орындарын анықтады. 2021 жылдың 19 қаңтар күні Приморье өзегі етегінен жасыл түсті мото құрылғысы көзге түсті. Соңынан қуалап қамыс арасына көлікпен қысу әдісімен қолға түсті. Ұстау барысында 227кг сазан балығы болғаны анықталды. Балық қабылдау орталығына барып салмағы мен келтірілген шығын көлемі есептелді. Заңсыз балық аулаушыларға 1291210 тенге 05 тиын көлемінде айыппұл салынды. Іс сотқа жіберілді.

Ұстау кезінде арнайы топ көптеген айла - тәсілдер қолданды. Жасырыну, жарық шамдар, тұтқиылдан шабуыл жасау, көлік ізін анықтау сынды ұтқыр жоспарлар құрды.

img-20210122-wa0136

zasyz-baly3

Су үстіндегі мұзға арнай табанды катер жіберілді. Балық аулаушы адамдардың қамыс арасына тығып қоятын көліктері табылып, айыппұлдар салынды. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Орман шаруашылығы Комитеті ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментіне алғысын білдірді. "Дәл осы сынды бірлескен жұмыстар көптеп болса деген үміттеміз", дейді инспекция басшылары.

zasyz-baly1

 

АЙТӘЛІ Өмірбат,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы,

аға лейтенант

Суретті түсірген автор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521