Заңды билікті сыйлай білгеннен ұтылмаймыз

(0 Votes)

Қаңтар оқиғасы «Жау жоқ деме, жар астында, Бөрі жоқ деме, бөрік астында», дегендей, жеке мүддені көздеген қарулы топтардың қан төгуден тартынбайтынының айғағы.

Бейбіт шеруді қарулы қақтығысқа айналдырып, мемлекеттік билікке келуді көздегендер үшін адам өмірі бақыр тиын құрлы болмағаны. Зайырлы елде билікке сайлау арқылы келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен біз де демократиялық жолмен жүріп келеміз. Анау, Батыс Еуропаны, АҚШ-ты жиі айтамыз. Сол елдердің қайсысында тап осылай қарулы жолмен билікке келуді көздегендер бар. Өйткені, олай ету мүмкін емес. Заңы да, заңдарын сыйлайтын халқы да оны қолдамайды. Қазақстанда да бәрі заңдылық шеңберінде жүзеге асуы тиіс.

Қылмыскерлердің әрекетін Бас прокуратураның «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінен айқын аңғаруға болады. «Алматы әкімдігіне от қояр сәттегі мына кадрларға назар аудару керек. Полиция қызметкерлері бейбіт келссөз жүргізуге тырысып жатқанда, бір арандатушы ортаға түсіп, көпшілікті жаппай тәртіпсіздікке үндейді. Әкімдікті өртеген соң, бүлікшілер іргедегі Президент резиденциясына шабуылдайды. Бұл сәттегі кадрларға қарасақ, шабуылдың алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізілгені анық байқалады. Алдымен темір қоршауды жүк көлігімен соғып, сосын ғимаратқа қарай бет алады. Қалқандармен қорғана отырып, күзетшілерге оқ жаудырады», - делінген Бас прокуратура ұсынған деректі фильмде. Аталған органның мәліметіне сәйкес, қаңтар оқиғасы кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен. Олардың ішіндегі белсенділері «Айшуақ-Жантүгел» және «Дикий Арман» топтары. Соңғысы қаланың әр жерінен 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып «Қазақстан» және «Ritz Carlton» қонақ үйлерінің паркингінде ұстаған. Деректі фильмде аталған қылмыстық топтық қолында болған азамат сол кезде көрген қорлығын күйзеліспен еске алып отыр. «Барлығымызды сол жерде өте қатты азғындықпен ұстады. Ұрып-соғып, қан жоса етіп, таңертең сағат 11-лер шамасында барлығымызды мал сияқты жүк көлігіне тиеді. Ол контейнерде ұрып-соғып, бір тәулік ұстады», - дейді жәбірленушілердің бірі.

Қаңтар қасіреті енді қайталанбасын, ел бірлігі шайқалмасын! Президентіміздің Астана қаласындағы мешітке барып жазықсыз қаза болғандардың рухына бағыштаған Құраны қабыл болсын!

Балғаным Хасенова, «Құрмет» орденінің иегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT