Өз жұмысына мұқият дәрігер

(0 Votes)

10 төсектік Балқұдық стационарында Азғыр, Қоңыртерек дәрігерлік пункттерімен қоса алғанда барлығы 31 адам жұмыс жасайды.

Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Аудандық мәслихаттың депутаты Мансур Қуаншәлиевтің айтуынша өз жұмысына мұқият cтационардың бас дәрігері Сара Мұханәлиева қажетті дәрілерді індет басталғанда-ақ жинап алған. Бастапқыда мұнда Сүйіндік, Жалғызапан ауылдарынан дәрі сұрап келгендер де болыпты.

Аудан басшысымен әңгімесінде: – Округте 60-қа жуық адам пневмониямен ауырған. Олар Атырау қаласына жіберілді. COVID-19 вирусынан емдеу алгоритімі 11 рет ауысты. Бізде бұл індет тіркелмегенімен қажетті дәрілердің түрі керек. Себебі оны жұқтырғандар бір жылға дейін бақылауда болуы тиіс. Көлігіміз ескі. Соны жаңалап берсеңіздер. Жердің шалғайлығына қарамай ортамызға келіп, жағдайымызбен танысып, өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлап жатқандарыңыз үшін Балқұдық ауруханасы медициналық қызметкерлері атынан ризашылығымды білдіремін, - деді Сара Мұханәлиева.

img_2873

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев: – Бүгінде індетке байланысты жағдай тұрақтап келеді. Індет тарала бастағанда бізде 20 оттегі баллоны болды. Соны қолдандық. Кейін ол жетпей қалды. Қазір уақытымен әкелінуде. Тәжівируспен ауырғандарды Еңбекшідегі провизорлық орталыққа ауыстырғанда сол баллондарды екінші-үшінші қабаттарға тасау керек еді. Олардың салмағы ауыр болғандықтан еріктілерді жұмылдырдық. Күні кеше жаңа аурухана пайдалануға берілді, онда бір жақсысы баллондарды төменнен жоғары тасымайды. Оттегі барлық палаталарға өздігенін барып тұрады. Енді көлік мәселесіне тоқталсақ, оны алға қарай шешетін боламыз. Сонымен қатар ауданымызға бес дәрігер келеді, қазір соларды қызметтік пәтермен қамту бағытында жұмыстанып жатырмыз, - деді. Мұнда да жылу жүйесінің қысқа дайындығы тексерілді.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521