Бүгін Қазақстан Республикасы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауы күнi.
Он үш депутаттан тұратын аудандық мәслихаттың шығып қалған бiр депутатының орнына үш кандидат түсіп, бақтарын сынауда. Құрманғазы ауылдық округі бойынша N170 сайлау учаскесі Абай атындағы орта мектепте орналасқан. Учаске ашылып, Әнұранымыз ойналғаннан кейін алғашқы болып ауыл тұрғыны Мереке Умарғалиев келiп дауыс берiп, өз таңдауын жасады. Оған естелік сыйлық табысталды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Балағазы Рахметұлының айтуынша мұнда 1434 сайлаушы тiркелген. Соның сағат 8-ге дейiн 27-сi келiп, дауыс берiп үлгерген.
Сайлаушылардың қатысу қарқыны дәл қазір осылай. Мұны азаматтарымыздың өз таңдауын жасауға түсiнicтiкпен қарағаны деп санаймыз.
Қанат ҒҰМАРОВ.