Өз таңдауын жасады

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың депутаттарының қатысуымен Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Оған өкілетті органның 14 депутатының 12-сі қатысып, өз таңдауларын жасады.

Сайлауды аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов ашып, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бірәлиев оған түсіп отырған екі үміткер Оралбай Әзімов пен Анар Гайсинаны таныстырды.

Залға екі кабина қойылған. Дауыс берушілер сайлау комиссиясынан алған бюллетендерімен соған кіріп, таңдауын жасаған соң, сайлау жәшігіне салды. Соңынан екі үміткерге берілген дауыс ашық түрде саналды. Оның қорытындысымен Дыңғызыл ауылдық округі әкімдігіне үміткер, бұған дейін осы жұмысты үлкен абыроймен атқарып отырған Оралбай Әзімов жеңіске жетті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521