Күллі түркі әлемі үшін маңызды, қазақ үшін ерекше мерекелерінің бірі- Наурыз мейрамы. Жаңаталаптықтар да Әз Наурызды ерекше көңіл күймен, күн райыда келісті күні наурыздың 23 күні атап өтті.
Хиуаз саябағының ашық алаңында киіз үй тігіліп, Киров клуб ұжымының дайындаған мерекелік шарасы, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жиналған ауыл тұрғындарына әсерлі көңіл күй сыйлады. Еліміздегі карантиндік шектеулерден онлайн түрінде өткізіліп келгендіктен, биыл шектеулер алынып Наурыз мейрамымыз тойланып, екі жылдан астам уақыт өтсе де халықтың сағынысқан шапалағы және адам қарасы да көп болды. З. Исмағұлов атындағы халық театрының көркемөнерпаздары дайындаған ерекше мерекелік нөмірлері халықтың көңілінен шықты. Ондағы қазақтың салт дәстүрі бойынша келін түсіру мен тұсау кесу, қыз бозбалалардың еркін айтыстары көрініс тапты. Сондай-ақ, әсем әуенмен әрлеп, Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің балдырғандарының дайындаған билері, жиылғандардың көңілінен шықты.
Сонымен қатар, киіз үйдің ішінде әр мекемеден келген ұжымдар Наурыз көжемен бауырсақтан дәм ұсынды. Ашық алаңда жәрмеңке және спорттық шарадан арқан тартыс, білек сынасу, кір тасын көтеруден жиналған азаматтардан жарыс ұйымдастырып, мейрамды одан әрі әрлей түсті. Қазақ халқының «жылқы десе, желебесі қозатын», дөнен әкеліп, әсіресе балалардың көңілдерін көтеріп, бір айналымға ат үстінде қызықтады.
Спорттық шараның қорытындысын мерекелік шара соңында марапаттады. «Арқан тартыс» ойынынан I орынды иеленген «1989 жылғы жігіттер» командасы, II орынды «1987 жылғы жігіттер» командасы, III орынды «Жалын» командасы жеңіске жетті. «Кір тасын» көтеруден I орынды Тәжібаев Қуаныш, II орынды Шұғаев Жасұлан, III орынды Сүлейменов Асыланбек иеленді. «Білек сынасу» ойынынан I орын Қуанышбаев Нұрғиса, II орын Тәжібаев Қуаныш, III орынды Ибраев Есенбек жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Осындай ұйымшылдықпен Наурыз думанды өткізген, Киров ауылдық клубына, Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің ұжымына, Дәулеткерей балалар саз мектебіне, Нұрбөбек бөбекжай балабақша ұжымына, ветеринария бөліміне, кітапхана ұжымына, округ ұжымына, спорттық шараны ұйымдастырған спорт нұсқаушысы Өсер Әлсмахқа округ әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. Осындай ұйымшылдықпен аман есен Наурыздан Наурызға жете берейік, Мереке құтты болсын, ағайын!..
Жаңаталап ауылдық округ әкімшілігі