Өз өмірімізге жауаптымыз!

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау қаралғаны жайлы хабардар болдық.

Аты жаман індеттің елімізді әуре-сарсаңға салғанына да алты айға жуық уақыт өтіпті. Дендеген дерттің беті сейіліп келе жатқанын естіп, көңіліміздің бір жайланғаны рас.

Алайда, бұл арқаны кеңге салатын кез келді деген сөз емес. Көзге көрінбейтін кесел айналамызда әлі көлбеңдеп жүр. Ешкімнің атақ-абыройына, жасына қарамайтын жұқпалы аурудың тырнағына талай жақын, таныстарымыз іліккеніне куә болдық.

Сондықтан бекітілген сақтық шараларын қолдаймын және баршаңызды түсіністік танытуға шақырамын!

Жеңілдетілген шектеу жұмыстары қауіптің алдын алып, оған қарсы тұру үшін жасалатын жақсы амалдардың ғана жиынтығы екені анық.

Ұмытпайық, басымызға бір рет қана бұйырар өмірімізге өзіміз ғана жауаптымыз!

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521