Атырау қаласында мамыр айының 15-18 аралығында Берік Қорқытов шығармашылығына арналған «ШЫНАЙЫ ШЫМЫЛДЫҚ» Халықтық театрлар мен драма ұжымдарының облыстық фестивалі өтті.
Бұл фестиваль алғашқы екі күн барлық театрлар қойылымдарын қойса, үшінші, төртінші күндері театр, драма ұжымдары мүшелерінің арасында «Актерлік шеберліктің негізі» теориялық шеберлік сағаты өтіп, қатысушыларға СЕРТИФИКАТ табыс етілді.
З.Исмагулов халық театрының “Халықтық” атағы 2023 жылдың 18 мамыр № 05-08-3/48н бұйрығымен қайта рәсімделіп, 130 мың теңге ақшалай сыйлық пен "Алғыс хатқа" ие болды.