Өз балаңа үлгі бол!

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте ата-ана, бала және мектеп арасындағы үштік одақтың қарым-қатынасын нығайту мақсатындағы «Өз балаңа үлгі бол!» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

Жиынды мектеп директоры Г.Қалиева ашып, басқосудың мән-маңызына тоқталып, ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршыбековтің хатымен таныстырды.

Аталмыш комитеттің қызметкері Б.Зарубаева, «Қазақстан геологі» жазғы сауықтыру лагері директорының орынбасары Ш.Есқалиева және аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева көтеріліп отырған мәселеге орай пікірлерін білдірді. Шараны мектеп психологтары Н.Амангелдіқызы мен Ж.Оразәліқызы жүргізіп, қатысушыларды біраз мағлұматтармен таныстырды. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы әдістемелік кітапшалар таратылды.

З.ХИДУЛЛИН,

ардагер ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT