Аудандық оқушылар үйінде үйірме оқушылары арасында «Қызықты қыс келбеті» атты аудандық сурет байқауы өтті.
Қатал да сұлу қыс келбетін суреттеу, бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан жақты үйрету, қатысушылардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аудандық оқушылар үйінің директоры М. Шекетасова, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Тажибаева, «Қылқалам шебері» үйірмесінің жетекшісі А. Теміржанов, сурет безендіруші Г.Құлбаева төрелік етті. Оған 6-12 жас аралығындағы аудандық оқушылар үйі жанынан ашылған үйірмелердің қылқалам шеберлері қатысты.
Конкурс нәтижесінде І орын «Сәндік қолөнер» – Арайлы Дамирқызы, ІІ орын «Қылқалам шебері» – Нұржасар Елеусін, ІІІ орынды «Magic English» – Дамир Нұржанов, «Сәндік қолөнер» үйірмесінің оқушысы Жасмин Уралбекқызы иемденді. Ал, 9-10 жас аралығындағы сайыскерлер арасынан ІІ орын «Асыл мұра» – Аружан Сапарова мен «Жас қаламгер» – Аружан Құспанәлі, 6-7 жас аралығында І орын - «Сенім психология» үйірмесінің суретшісі Айлин Елемесова, ІІ орын - «Роботтар әлемі» – Айсұлтан Маркс, ІІІ орын - «Сөз мерген» – Сезім Серікбайға бұйырды. Қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Г.Жасқайырқызы,
аудандық оқушылар үйінің
мұғалімі