Қызметтер төтенше жағдайға сақадай сай болуы тиіс

(0 Votes)

Ауданда төтенше жағдайдың алдын алу және жою бағытында құрылған азаматтық қорғау қызметтерінің жай күйі, жалпы олардың атқаратын міндеттері, «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу кезінде жүзеге асатын шараларды пысықтау үшін аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен жиналыс өтті. Оған 14 азаматтық қорғау қызметінің басшылары, округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібімен таныстырған Қайрат Талапұлы аталған қызметтің маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, «2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отырғандығын алға тартты. Аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің міндеттері мен іс-әрекеттері, дайындығы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Талғат Сансызбаев хабарлама жасады. Аудан басшысы Қ.Нұртаев аталған қызметтер әруақытта орын алған төтенше жағдайға сақадай сай дайын болулары, қажетті құрылғылармен қамтамасыз етулері, техникаларды әзірлікке келтірулері керектігін ескертті. Қызмет құжаттарының рәсімделуін, техникаларының жарамдылығын тексеруді, жалпы зерделеу жұмыстарын жүргізуді хабарламашыға жүктеді.

ajnagul-zhinalys

Одан әрі Талғат Мерекеұлы 4-5 наурыз аралығында Шортанбай ауылдық округінде өтетін «Көктем-2021» республикалық оқу-жаттығудың дайындық жұмыстарын пысықтады. Оған жұмылдырылатын күш-құралдар мен оқу-жаттығу штабын құру, жүзеге асатын практикалық  іс-шараларды қаперге берді. Қайрат Талапұлы төтенше тұрғындарды жағдай аймағына жедел жеткізу, зардап шеккендерді эвакуациялау, оларға медициналық қызмет көрсету, т.б. шаралары мүлтіксіз орындалуы қажеттігін ескертіп, кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелер басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521