Қызметімізге адалдық – басты қағидамыз

(0 Votes)

Елімізде «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның» қабылдануы онымен күреске қарқын берді.

Себебі жемқорлық мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Сонымен қатар демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жемқор мемлекеттік қызметтің беделін түсіріп, халықтың билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Өзінің қара басының пайдасынан басқаны ойлауға қабілетсіз пасықтар мемлекет мүддесіне нұқсан келтіреді.

Отаншылдық сезім бойына ұялаған, өз елін, туған жерін қадір тұтатын әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға, жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға міндетті. Жарқын болашаққа, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан халықтың ұрпағы әрдайым адами қалып-парасат биігінен көрінгені абзал. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Ауданымыздағы ең үлкен ауылдық округ – Құрманғазы ауылдық округінің аппаратында да бұл жұмыстар жолға қойылған. Мемлекеттік қызметкерлерімізге кеңінен түсінік беріліп, аудан көлемінде өткен түрлі шараларға қатысуда. Тұрғындардан келген өтініштер сол бойда тіркеліп, көрсетілген мерзім ішінде тиісті жауаптары беріледі. Алға қарай да бұл жұмыстар жалғасын таба береді.

Марал Ғұмарова,

Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT