Аудан орталығындағы «Көңіл сазы» мейрамханасында саудамен, қолөнермен айналысып, өз қолдарымен түрлі тағамдар дайындап аспаздық өнімдерін ұсынып жүрген қыз-келіншектер жәрмеңке ұйымдастырды.
Көздің жауын алар тауарлардың бәрі де ізгі ниетпен жасалып, шын жүректен ұсынылған деп сеніммен айтуға болады. Қолдан жасалған тұрмысқа қажетті бұйымдармен қоса, дәмді торттар мен тоқаштар, қайнатылған тосаптар және тұздалған көкөніс түрлері көпшілік қауымға ұсынылды. Бұдан бөлек,қыз жасауына қажетті дүниелер, балалар мен әйелдер киімдері де сөреге қойылды. Бұл жәрмеңке екі күнге созылды. Қолжетімді бағада ұсынылған тауарларға тұрғындардың қызығушылығы мол болды. Жәрмеңкеге қатысқан аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова мұндай іс-шараның басты мақсаты әйелдердің өзін-өзі танытуына қолдау көрсету және ынталандыру екенін айтты.
Айнагүл Күнұзаққызы