Қыс мезгілінде қауіпсіздікті сақтаңыздар!

(0 Votes)

Далада қалған кезде 101, 112 ге хабарласу тегін. Әр аудандарда жылыну нүктесі жасатылған.

Қыс мезгілінде бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылған қатты жел, ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде туындайтын табиғи дүлей құбылыстар жиі туындайды. Осыған байланысты:

  • алыс жолға шыққанда ауа – райын ескеріп, жылы киініңіз;
  • әсіресе, елді мекендерден тыс сапарларға шықпаңыз;
  • әсіресе елді мекендерде қозғалысты шектеңіз.

Егер дауылды күні жолда қалып қойсаңыз жуық маңдағы елді мекенге жетіп алуға тырысыңыз. Көлігіңізде азық-түлік, термостағы ыстық шай, артық киім-кешегіңіз болсын.

Қыс мезгілінде мұз үстерімен өту өте қауіпті, Мұз үстімен өтуге тура келген жағдайда келесідей шараларды қолданған жөн:

  • Мұз үстінде келе жатқанда әрқашан жүктен шұғыл арылуға дайын болыңыз;
  • Қолыңызда ұзындығы 15-20 метр болатын жіп болған дұрыс;
  • Құмақ жер мен иірім арасындағы мұз қауіпті болады;
  • Мұздың бөлшегінен үзігіне секірмеңіз.

Қыс мезгілінде боранды күндері көктайғақ кездерде Атырау облысы «Казгидромед» РМК-нің ауа-райының қолайсыз жағдайында ұялы байланыс операторларынан СМС хабарлама келіп түскеннен бастап жолға шығуға болмайтынын ескертеміз.

 

        Құрманғазы ауданының ТЖБ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT