Қыс. Аяз, шартылдақ, бірақ ашық аспан емес, күн – ең шаналы-шаңғылы ауа райы! Үлкендер тіпті суық емес деп айтатындай.Демек қыдыруға болады.
«Ой! Менің бетіме не болған? Мен оны сезбеймін! Оны қармен сүрту керек па?» Тоқта! Ешқандай қар емес! Онымен теріні сырып алуға болады, бұның ешқандай қажеті жоқ. Сонда не істеу керек?
ТЕЗ АРАДА ҮЙГЕ БАРЫҢЫЗ! СЕЗІМДІКТІ ҮСІКТІҢ БІРДЕН БІР БЕЛГІСІ.
Бораннын жақындауы жөнінде дабыл алған кезде есік пен терезелер мен шатыр асты есіктерін тығыз жабыңыздар. Желдің ұшырып кетпеуішін балкон мен терезе алдына киімдерді алыңыздар. Автономдык жарық құралдарын қарастырыңыздар. Қар тазалау күріктерін дайындаңыздар. Боран кезінде үйден шықпауға тырысыңыздар. Бораннан кейін (қарлы боран жағдайында) өздігіңізден қарлы бораннан шығу мүмкіндігін анықтаңыз. Бұл жағдайда бірігіп іс-әрекет жасаңыз, орын алған оқиғадан аман-есен шығу шараларын қолданыптуыстарыңызға көмектесіңіздер. Егер сіз қатты боран кезінде жолда қалсыңыз бірінші кездескен үйге кіріп ауа райы түзілгенше үйде қалуға рұқсат сұраңыз.
Үсік- бұл өте маңызды. Қауіпті және жанға батады.Бұл жағдай орын алмау үшін үсік тек қатты аязда болмайтынын естен шығармау керек. Бұл жағдайда ылғалдылық басты ролде: не құрылым жоғары болғанда үсік оңай болады.
Дененің барлық мүшесі емес тек бет, құлақ, мұрын ұшы, қолмен аяқ саусақтары үсиді. Мысалы, ішті үстуге болмайды. Мүшені қорғайтын демек бірінші кезекте жылытатын өмірге маңызды мүшелер орналасқан. Егер сіз жаурап қалғанда барлық жылу ең басты мүшелерге шығып кетеді. Құлақ, мұрын, саусақтар, іштен алыс орналасқандықтан жылу аз болады. Құлақ бақалшақтарысыз өмір сүруге болады, бірақ оның болғаны дұрыс.
Үсіктің үш түрін айыруға болады:
Бірінші үсік белгісі құлақтан басқа аяқ-қолдың ұштары ағарып сезімділікті жоғалтады. Құлақта ет болмағандықтан бірінші үсік кезінде қатты қызарады. Аяқ-қолдың бірінші үсуі кезінде қармен немесе бататын қолғаппен емес қолмен жылығанша жылы жерде немесе үйде ысқылау қажет! Тағы салқын сумен ақырындап дене қызуына дейін температураны жоғарлатып ваннаға тусу ұсынылады. Содан кейін үсіген мүшені сүлгімен жақсылап кептіріп жылы матамен таңып қою керек.
Екінші үсік белгісі теріде күйік кезіндегідей көпіршіктер пайда болады. Бұл жағдайда тез арада, міндетті түрде дәрігерлерге хабарласу қажет.
Үшінші үсік кезінде хирургиялық тәсілмен алып тастайтын мүшенің жансыздығы байқалады.
Есте сақтаңыздар, еш жағдайда үсіген аяқ-қол үшін салқын суға батыруға немесе үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды. Бұл жағдай алдағы салқындыққа және жағдайды тереңдету алып келеді. Үсіген аяқ-қол үшін жылы суға батыру керек, ал үсіген дене мүшесін жылы сумен компресс жасау қажет (су ыстық болмау керек). Осыдан кейін үсіген дене мүшесін жеңіл қызарғанша ақырын ысқылап асептикалық бинтпен орау қажет.
Болмайды:
- үсіген жерді тез жылытуға (жылытқыш, ыстық душ, ыстық ванна, ашық отта жылыту және т.б.) сонымен қатар жеңілген мата, жылынып, қаннан ауа алмайды, қарайып және жансызданады;
- үсіген жерді қармен ысқылау, майда мұздармен тері бетіне зақым келеді және инфекцияны алып келеді;
- жылыну үшін ішімдік (ол кеңейу шақырады, одан кейін қан жолдарын тарылтады, зақымдалған жердің ауамен демалуын нашарлатады);
- үсіген дене мүшесін маймен сүртуге болмайды. Бұл терінің демалуына мүмкіндік бермейді.
Сіздің әрекетіңіз:
Үсіту кезінде (шаншып ауыру, жансыздану) үсіген дене мүшесін ақырын қолмен немесе жүн шарфпен ысқылаңыз. Қолғапты немесе аяқ-киімді шешіңіз, қолды ұрлеп немесе ұқалап жылытыңыз ал аяқ түйдектерін жоғарыдан төменге ысқылаңыз.
Қатты үсіту кезінде (сезімділікті жоғалту, ауру терінің ағаруы және жаурау) үсіген жерді жылы киіммен немесе мүмкіндік болса бір-неше қабат мақтаменорап жылы жерге тез жетуге тырысыңыз. Тез арада өзіңіз немесе көршілер арқылы дәрігер шақырыңыз. Оралған бинтті шешпеңіз. Әр-түрлі ыстық сусын ішіңіз (тәтті шай, кофе, сүт) асперин немесе аналгин ішіңіз, сонымен қатар екі таблетка ношпа, 15-20 тамшы корвалол немесе валокордин, тілдін астына валидол немесе нитроглицерин салып дәрігерді күтіңіз.
Есте сақтаңыз: үсіген теріні сақтау үшін тек тез арада жақын орналасқан ауруханаға хабарласыңыз!
А.Әлібекқызы,
Құрманғазы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі