«Қыс-2021» оқу-жаттығуы

(0 Votes)

Қыр астында қыс тұр. Қарашаның екінші ондығы салқындатумен бастады.

Қаһарлы қыстың алда не дайындап қойғаны бізге беймәлім. Сондықтан оның «тосын сыйлығына» сақадай сай болғанның артық етпесі анық. 11-12 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының мақсаты да төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру, оған қарасты қызметтердің қысқы кезеңге дайындығын тексеру.

11535cdb-d08e-403d-a827-d03b6ba467be

Аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің алдында «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысушы 11 қызмет жеке құрамы және техникаларымен сап түзеді. Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов олардың дайындығын тексеруді мемлекеттік өртке қарсы қызметтен бастады. Одан әрі қоғамдық тәртіпті сақтау, медицина, инженерлік, сауда, химиялық және радиациялық қорғау, ақпарат және байланыс, көліктік-техника, жолдар мен көпірлер, энергетика, коммуналдық және техникалық, жанар-жағар май материалдары, ұлттық гидрометерологиялық, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметтерінің сапын аралап, құрамы, қызметі, техникалық жабдықталуымен танысты, атқаратын қызметтеріне қатысты сұрақтар берді. «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серікұлы:

– Енді санаулы күндерден кейін қыс келеді. Қыс мезгілінің өзіндік қиындығы, қауіп-қатерлері болатыны өздеріңізге жақсы мәлім. Осы орайда облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовтің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауы бекітілді. Оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайлар қатері туындаған кездегі міндеттерді орындауға азаматтық қорғаудың басқару жүйесінің аумақтық және салалық ішкі жүйелерінің жұмыс істеу режімін жоғары әзірлікке ауыстыру. Яғни, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің әзірлігі мен қабілетін арттыру, оларды жұмылдыру іс-қимылдарын пысықтау. Бұл мақсатта сіздермен бүгін саптық байқау өткізіп отырмыз. Әр қызмет өзінің міндеті бойынша аудан аумағында қысқы кезеңде орын алуы мүмкін ықтимал төтенше жағдайларға дайын болуы тиіс. Жаңа әзірліктеріңізді қарап шықтым. Кейбір қызметтер әлі де материалдық-техникалық жетілдіруді қажет етеді, - деп саптық байқауға келгендерге ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT