2022 жылғы 22 қазан күні Құрманғазы аудандық Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне арналған "Қыран елім- Қазақстаным" атты аудандық "Жауынгерлік ту ұстаушы мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өту" әскери-патриоттық клубтарының сайысы өтті.
Сайысқа оқушылар белсене қатысып төмендегі мектептер жүлделі орынға ие болды.
ІІІ орын Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі;
ІІ орын С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі;
І орын С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі.
Алғыс хаттармен
Еңбеші жалпы орта мектебі;
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі;
Ломоносов атындағы жалпы орта мектептері марапатталды.
Ауданымыздың әскери-патриоттық тәрбиеге көңіл бөліп сайыстарға белсене қатысқан жетекшілер мен оқушыларға мекеме атынан алғыс айтамыз.