Қымбатшылық қысып тұр

(0 Votes)

Тамақ бағасында тұрақтылық жоқ. Күн өткен сайын өсуде. Базарға бара қалсаң, құнын естіп шошисың. Бұрын дүкеннен бес мың теңгеге бір дорба тамақ алсаң,  қазір көп дегенде екі нәрсе қолға ұстап шығасың. Осы ретте, халықтың бірінші қажеттілігіндегі азық-түліктің базардағы бағасын бағамдап қайттық.

Мәселен, бұрын 25 келі ұн 4500 теңге болса, қазір 6000-6500 арасында. Ал, 5 келі секер 1400-ден 2500 теңгеге дейін ұлғайған. Сол сияқты, 5 келі күріш 1500 тг, 5 келі макарон 1700 тг, жұмыртқа 35-40 тг, «Эконом» сүті 320-350 тг, 5 литр өсімдік майы  3400 тг, «Чемпион» шайы 1000 тг, сиырдың сан еті 2400-2500 тг, бір қорап тауық еті 17500 тг, бір келі картоп 320 тг, пияз 250 теңгемен орталық базарда сатылуда. Мұндай шарықтауға тұрғындар наразы. Өйткені, қымбатшылық қос бүйірді қысқаны сонша, тапқан-таянғаны ішіп-жемнен арылмайды. Айлығы шайлығынан ауыспай отыр. Өмір сүрудің өзі қымбаттап кетті дейді базар кезген құрманғазылықтар.

Ал, кәсіпкерлер бұған түсіністікпен қарауды сұрайды. Себебі, әлем бойынша орын алған дағдарыстан әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасы аспандап кетті. Ауданымызға күнделікті тұтынатын азық-түліктің 60 пайызы сырттан тасымалданатындықтан  саудагерлердің  жол шығыны мен үстіне қосатын 5-10 теңгесі тағы бар. Әйтеуір, баға бұлданып,  ақша құнсызданып барады...

 

Жайдарлым Қайреден


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT