Қылмыстық процесс үш буынды модельге көшті

(1 Vote)

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлық жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты.

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап прокурордың жауапкершілігін одан әрі арттыруды және оның процестік өкілеттіктерін өзгертуді бекітетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормалары күшіне енді. Новеллалар прокурордың іс бойынша негізгі процестік шешімдерді келісу және бекіту құқығын заңнамалық түрде бекітті.

Үш буынды моделдеупрокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілік жүгін екі есе арттыра отырып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берді.

Енді күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, тоқтату туралы процестік шешімдерге және қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаға прокурор келісім бермей заңды күші болмайды.

Осы орайда жаңа моделге сәйкес а.ж. 1 қаңтарынан бастап аудан прокуратурасы 163 негізгі процестік шешіммен келісті.

Бұл жаңа өзгерістер азаматтардың, соның ішінде күдіктілер мен жәбірленушілердің де конституциялық құқықтарын қорғауға, тұлғалардың қылмыстық процеске заңсыз тартылуын болдырмауға және тергеп-тексерудің обьективті жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, аталған жаңашылдық мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, статистикалық( мәліметтердің ашықтығы мен анықтығын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған.

Құрманғазы ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521