Қылмыс неге көбейді?

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

«Құрманғазы ауданындағы 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тұрғали Жұмашевтің хабарламасы тыңдалды.

– Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында полиция органдарына берілген тапсырмаларға сәйкес Министрлікпен, Департаментпен қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан көлемінде орын алған әрбір қылмысқа, оның аса ауыр түріне жедел ден қойылып, барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Есепті мерзімде жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізілген бірқатар іс-шараларға қарамастан жалпы тіркелген қылмыстар +38,2 пайызға (76-дан 105-ке) өсіп отыр. Адам өлтіру, қарақшылық, қорқытып алушылық және қарумен жасалған әрекеттерге жол берілмеген. Тонау, ауыр дене жарақатын салу қылмыстарының ашылуы 100 пайызды құрады. Жасалған талдау нәтижесінде І тоқсанда 73, ІІ тоқсанда 32 қастандық әрекет тіркелді. Бұл жерде айта кететін жағдай, ақпан-наурызда эпизодтық қылмыс ашылды, сонда 3 адаммен 17 құқық бұзушылық жасалғаны анықталды.

ylmys1

Статистикалық мәліметтерге сай ауыр санаттағы қылмыстар 7-ден 36-ға өскенін көрсетеді. Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты бір тұлғамен бірнеше рет қайталанып қылмыс жасау ауыр дәрежеге белгіленді. Құқық бұзушылықтың басым бөлігін ұрлық әрекеттері құрайды. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимылды жетілдіруде, аудан аумағындағы криминогендік жағдай мен өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру туралы» жоспар жасақталып, аудан әкімімен келісіліп, бекітілді. Өңірімізде алты айдың қорытындысымен 45 ұрлық фактісі тіркелді, былтыр оның саны 39 болатын. Бұған жоғарыда айтылғандай, бір адаммен бірнеше қылмыстың жасалуы әсер етуде. Мал ұрлығының алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс жүргізіліп, мал қамайтын орындар қағаз жүзінде белгіленсе де, бүгінде бұл жұмыстар өз дәрежесінде жүзеге аспауда. Соның нәтижесінде аталмыш санаттағы қылмыстар 3% -дан 6%-ға өсіп отыр.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері 100 пайыз тасымал бейнетіркеуіштермен қамтылды. Сондай-ақ, 65 планшет қолданысқа беріліп, олардың барлығы әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі жүйесіне қосылды. Есепті мерзімде 2221 электронды хаттама толтырылды. Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес жазғы кезеңде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуде автопатруль бекеттер саны көбейтілді. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы негізінде ұйымдастырылған бірқатар іс-шаралар нәтижесімен 730 құқық бұзушылық анықталды.

Жүргізілген жедел-профилактикалық және басқа да локалдық іс-шаралар нәтижесінде қоғамдық орындарда жасөспірімдер және бұрын соталғандармен жасалған қылмыстар саны төмендеді. 2020 жылдың І жартыжылдығында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша 13 млн. теңгеден аса айыппұл салынып, оның 8 млн. үстінде теңге өндіріліп, мемлекет кірісіне енгізілді.

ylmys4

Аудан аумағында тіркелген жол көлік оқиғасы (-40%-ға, 10-нан 6-ға), онда жараланған адамдар саны (+100%-ға, 20-дан 10-ға) төмендеп, қаза тапқандар саны 100 пайызға (0-ден 3-ке) өскені байқалады. Сондай-ақ, 1250 жол қозғалысы ережесін құқық бұзушылықтары анықталды, автокөлікті мас күйінде жүргізген 23 тұлға жауапкершілікке тартылды. Ауданға келген шетелдіктерді бақылаудың нақты жүйесі іске асырылуда, заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

2020 жылы І жартыжылдықта 97 шетелдік тіркелді. Олармен жасалған 6 қылмыс анықталса, көші қон заңдылығын бұзу бойынша 210 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Нәтижесінде 8 шетел азаматы елден тысқары шығарылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзғандарға 1 млн. 217 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 600 мыңнан астамы мемлекетке өндірілді, - дей келе, хабарламашы қылмыстың алдын алу және уақтылы ашылуына септігін тигізетін бейнекамераларды аудан орталығына қондыру, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында профилактикалық билборд орнату, РТС ауылына қосымша учаскелік полиция полиция пунктін салу жөнінде бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Комиссия төрағасы Қайрат Нұртаев айтылған мәселелер алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізіп, мүшелері Жандос Бектеміров, Аянбек Сүйінәлиев, Маркс Мұстахишевпен бірге үнемі көлік кептелісі орын алатын базар маңында жаяу жүргінші жолының жолақтарын белгілеу, металлконструкциядан жасалған орталық көпірді талапқа сай сәйкестендіріп оған жаңғырту жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстарын алға тартты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521