Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы №723 Қаулысына және Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, полиция бөлімінің басшыларына жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беру жүктелген.
Осыған орай, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің бастығы Ербол Биғамбаевтың өткен жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Оған аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, мекеме, дербес бөлім басшылары, округ әкімдері, мектеп директорлары, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібін аудан әкімі Бибоз Шаяхметов таныстырып, хабарлама жасау үшін сөзді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Биғамбаевқа ұсынды. Ол өз хабарламасында атқарылған жұмыстарды 2017 жылмен салыстыра баяндап, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытын саралап, алдағы межелерге тоқталды. Жалпы, аудандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізілген бірқатар іс-шара нәтижесінде тіркелген қылмыстар – 17,9 пайызға төмендеген.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар