«Ява» қондырғысының құрылысы таныстырылды

(0 Votes)

М.Жолдасқалиұлы ядролық физика институты мекемесіне қарасты Азғыр ғылыми өндірістік радиоэкологиялық экспедициясының жай-күйін де назардан тыс қалдырмады.

yava1

Экспедиция басшысының орынбасары Жұмагелді Жүнісовтің берген мәліметінше, мұнда 1966-1979 жылдары Ресей Федеральды Ядролық орталығына қарасты оңтүстік сейсмикалық экспедициясы жерасты 17 ядролық жарылыс жасаған. Қазіргі таңда оның зардабының бар-жоғын анықтау мақсатында радиоэкологиялық және радиациялық мониторинг жүйелі жүргізіліп келеді. Аймақтың географиялық координаттары мен реперлік нүктелері анықталып, белгіленген. Бақылау жасайтын технологиялық 10 алаңша бар. Олар түгелдей қоршалған. Технологиялық алаңдардағы аномальды нүктелерден де сынама алынып, құрамын тексеру үшін Алматыдағы зертханаға жіберіледі. Соңғы зертхана қорытындылары бойынша, халықтың денсаулығына зиян тигізетін ешқандай белгілер анықталмаған. Оған қоса «Ява» қондырғысының құрылысы да таныстырылып өтті. КСРО дәуірінде бұл жерде жарылыс әдісімен жасанды алмастың тәжірибелік өндірісі ұйымдастырылған.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521