Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында сәуір айының 27-29 жұлдызы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздік және ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу болып табылады.Осы іс –шара өту барысында Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Құрманғазы ауданы, Қиғаш селосындағы жалпы орта мектепте 8-11 сынып оқушылары мен оқытушылары арасында іс-шараға қатысты түсінік жұмыстары жүргізіліп, қосымша көктем уақытында селоға өр суының келуіне байланысты теміржолдардың белгіленген орындарынан өтіп, қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруге шақырды.
Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция капитаны
Қ.Ж.Ералиев