Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында желтоқсан айының 5-11 жұлдызы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты –азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікпен ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу болып табылады.Іс–шара өту барысында Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Құрманғазы ауданы, Қиғаш селосындағы жалпы орта мектеп оқушыларына, Ганюшкин станциясының КТЖ жүк тасымалы мекемесінің қызметкерлері арасында іс-шараға қатысты профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізіліді.
Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция майоры Қ.Ж.Ералиев