Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында тамыз айының 23-29 жұлдызы аралығында «Құқықтық тәртіп» 23-25 жұлдызында «Тоқтаңыз! басып кету қаупі бар» атты жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.
Іс-шаралардың мақсаты – халықтың арасында тәртіпсіздікпен ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру және теміржол бойында жазатайым оқиғалардың алдын-алу болып табылады. Іс-шаралар өту барысында Ақкөл ауылдық әкімшілікпен бірлесе теміржол бойында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.
Қ.Ж.Ералиев, Ганюшкин ст.ЖПб бастығы
полиция капитаны