"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды

(2 Votes)

23 маусым Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтардың өмірін ажалдан құтқаруда көрсеткен батылдығы мен ерлік іс-әрекеттері үшін Атырау облысы Полиция департаментінің бір топ қызметкерлері Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевтың бұйрығымен әрқайсысы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталған болатын.

Бүгін Атырау облысының Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қ.Б.Үмбетқалиев аталған қызметкерлерге марапаттарын салтанатты түрде табыс етті.  

- Өз өмірлеріңізге төнген қауіпке қарамастан адамдар өмірін құтқаруда көрсеткен батырлығыңыз бен ерлігіңізге алғыс білдіре отырып, бұл іс-әрекеттеріңіз Антыңызға берік, атқарып отырған қызметтеріңізге шынайы адалдығыңызды дәлелдейді – деді департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 01:00 шамасында Атырау облысы  Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға ауылындағы үйлердің бірінде өрт болып жатырғанын дер кезінде байқаған учаскелік полиция инспекторлары Рахимов Талғат, Махмудов Біржан және полиция аға сержанты Қадырбев Бақытжан қырағылық танытып, бір сәтке де ойланбастан, өздерінің өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан аталған тұрғын үйдің ішінен 4 ересек адам мен 3 баланы сыртқа шығарып өрттен құтқарған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өздерінің кәсіби шеберліктерін танытып, өрттің бетін қайтарған.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT