Маусым айының 21-23 жұлдызы аралығында Атырау ст.ЖПБ-нің қызмет атқару аймағында құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» атты жедел профилактикалық іс-шара өтуде.
Іс-шара мақсаты ұсақ қылмыстардың алдын-алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әрбір азаматты құқық бұзушылықты тоқтатуға ынталандыру. Азаматтар көз алдында құқық бұзушылық жасалса, немқұрайлы қарамай, дер кезінде әрекет етіп, ескерту жасап полицияны шақыруы керек. Іс-шара өту барысында Ганюшкин ст.ЖПб қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Ақкөл селосының тұрғындарымен теміржол вокзалында кездесіп, іс-шараға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Біз тек ортақ күш жұмсау арқылы өз қоғамымызда тәртіпті қамтамасыз ете аламыз.
Қ.Ералиев, Ганюшкин ст.ЖПб бастығы
полиция капитаны