Волонтерлер тренингінен марапат иеленді

(0 Votes)

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі тапсырысымен жүзеге асып жатқан «Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту» жобасының қорытынды шарасы өтті.

Шара барысында өңірде белсенді волонтерлікпен айналысқан Атырау қаласы және 7 аудан бойынша 50 жастан асқан барлығы 50 қатысушы тәжірибе алмасты. Бұл жобаның негізгі мақсаты - аға буын өкілдері арасында бастамашыл топтар құрып, өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысу, қайырымдылық, экологиялық шараларды ұйымдастыру, егде жастағы адамдар тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуі арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату.

Сонымен қатар, зейнетке шыққан аға буын өкілдерінің өзін-өзі дамытуына және белсенді өмір сүруіне де ықпал ету, салауатты қартаю мен белсенді қарттық үшін қолайлы жағдай жасау. Шара барысында өңірде белсенді волонтерлік еткен күміс волонтерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара бағдарламасы екі бөлімнен тұрды.

Күннің алғашқы бөлігінде бизнес-тренер Арман Акбердиев күміс волонтерлерге «Волонтердің көшбасшылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Ал, түстен кейін Атырау облысы бойынша белсенділік танытқан 20 волонтер марапатталды.

Солардың қатарында ауданымыздан қатысқан қайырымдылықпен жиі айналысып жүрген танымал жеке кәсіпкер, Салим Махмутов Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің басшысының Алғыс хатымен, естелік сыйлығымен ұлығыланды.

Жерлесіміз денсаулығына байланысты шараға қатыса алмағандықтан марапат ұлына табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT