Волейболдан спорттық жарыс

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерлер арасында волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс 4 топқа бөлініп Ақкөл, Байда, Шортанбай және Құрманғазы спорт кешендерінде өткізілді. Оған 14 ауылдық округтің командалары қатысты. Қорытындылай келгенде, Құрманғазы ауылдық округінің командасы жеңімпаз болды. ІІ орынды Еңбекші ауылдық округінің командасы иеленсе, ІІІ орынды Жаңаталап ауылдық округінің командасы еншіледі. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Байда ауылдық округінің командасы марапатталды. Ерғанат Хайроллаев (Еңбекші а/о) - "Үздік үйлестіруші", Нұрлыбек Өтегенов - "Үздік ойыншы" (Құрманғазы а/о) атанды.

volejbol

 

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521