Волейболдан мектеп біріншілігі өтті

(0 Votes)

Волейбол-ең танымал ойындардың бірі,қазіргі жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы.

Мектептегі дене тәрбиесі-мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі,мектептің тәрбие жоспарына орай,1-Мамыр Халықтар Достығы мерекесіне арналған 4-7,8-9 сыныптар арасында волейболдан мектеп біріншілігі өтті.

Мақсаты:аудандық жарыстарға қатысатын үздік спортшыларды анықтау. Оқушылар қарсыластары мен жанкүйерлеріне жеңіске деген ынтасын, әр ұпай үшін  дайын екенін көрсетті. Ойыншылардың волейболға деген байсалды көзқарасы бірінші ойында-ақ байқалып, әрқайсысы допты түрлі жолдармен өз алаңына түсірмеді. Қатысушылар үшін басты міндет-допты қабылдау кезінде қателеспеу. Үш күнге созылған тартысты жарыс нәтижесінде үздік ойыншы А.Ордагалиева, үздік техника үшін Ж.Аскарова, үздік үйлестіруші А.Сапарбек, үздік шабуылшы П.Ордагалиева болып танылды.

Оқушыларды мектеп біріншілігіне шебер дайындықпен келуіне себепкер болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Руслан Әлімғалиұлы Тілеуғалиев.Жаттықтырушысы және ойыншыларға биік тұғырдан көрінуді тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT