ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ факультеттерінің декандарымен кездесті.
Ол «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасын түсіндірді, дарынды жастарды қолдау шаралары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылдың 30 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Ол мұғалімдердің өміріне және мамандықтың беделіне қалай әсер ететіні туралы қарағандылық оқытушыларға Владимир Божко айтып берді.
inform.kz