Вице-министр Шортанбай балық зауытында болды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Аманғали Бердалин ауданымызда болып, балық шаруашылығы саласының жай-күйімен танысты. Аталған лауазымды тұлғамен Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Дюсалиев, облыстық балық инспекциясы бастығының орынбасары Нұрболат Қаратекеев, аудан әкімі Абат Жанғалиев және аудандық балық инспекциясы, аудандық бөлімдер басшылары бірге барды. 

«Сев Каспийан Фиш» ЖШС Шортанбай балық зауытының директоры Саламат Омаров аталған нысанға толықтай, кең көлемде қайта жаңғырту жұмыстары жасалып жатқанынан хабардар етті. Вице-министр зауыттың болашағына қызығушылық танытты. Зауыт директорының айтуынша аталған жұмыстар  аяқталғаннан кейін мұнда 10 мың тонна балықты қайта өңдеуге арналған, 5 мың тонна дайын өнім шығаратын, 1800 тонналық бөлшектеу, жылына 5 млн. банканы қалбырлау цехтары, 1000 тонналық балық кептіру орны, 3240 тонна қойма, 116 тоннадан қатыру камералары, механикалық цехтар, барлығы 11 нысан жұмыс жасайды. Қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT