Вирус алқымнан алуда

(0 Votes)

Аудандағы эпидахуал күрделі. Әсіресе, 25-29 жас аралығындағы жастардан коронавирус инфекциясы көп тіркелуде. Оның басым бөлігі вакцина алмағандар.

Соңғы кездері көпшілік ортада бетпердесіз жайбарақат жүргендердерді байқап жүрміз. Үй ішінде өткен бас қосулардан бөлек, той-топырлар да жиілеп кетті. Осындай арқаны кеңге салушылықтың әсерінен күн сайын орта есеппен 13 құрманғазылықтан  коронавирус анықталуда. Басым бөлігі – жастар.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Covid-19» тәжтажал инфекциясын  120-ға жуық тұрғын жұқтырды.  Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес. Оның арасында, жүкті келіншектер мен 4-жасқа дейінгі балалар да бар. Сондықтан, індетке салғырт қарамайық. Коронавирусқа қарсы екпе алып, ауырмаудың жолын іздеуге асығайық.

 

Гаухар Тоғаева

Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлімнің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT