Коронавирусқа сенбейміз дейтіндердің қатарында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Беларустің басшысы Александр Лукашенко болды. Трамп штаттардың губернаторларын бетперде кимеуге шақырды. Нәтижесі көп күттірмеді.
Қысқа мерзімде елде жүз мыңдаған адамдар індет жұқтырып, қала көшелері бос қалғанда, өзі де онымен ауырғанда барып бұл вирусқа немқұрайлы қарауға болмайтынын түсінді. Лукашенко да дәрігерлердің ескертуіне сенбеп еді, халық арасында өлім-жітім көбейе бастағанда қателескенін ұқты. Қазақстан өзгелердей емес қауіпті тез түсініп, қажетті сақтық шараларын жасап үлгерді. Соның нәтижесінде бізде он мыңдаған адамдардың өлімі орын алған жоқ. Десек те, статистикалық материалдарды сөйлетсек, әлемдік рейтингте COVID-19 індетін жұқтырудан 221 мемлекеттің ішінде 109-шы, одан өлгендер санынан 97-ші, індетті тестілеу бойынша 69-шы, сауыққандар жағынан 87-ші, ауыр жағдайлар көрсеткіші бойынша 50-ші орында тұрмыз. Енді міне, індеттің алға қарай халыққа жұғуын болдырмас үшін 1 ақпаннан бастап вакцина егу жүргізілуде. Бастапқыда коронавирус инфекциясына Ресейде жасалған «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасы қолданылады. Ақпанның ортасынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде жасалған «Гам-КОВИД-Вак» екпесі егіледі. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қазір клиникалық сынақтың 3-ші сатысынан өтіп жатырған отандық «QazCovid-In» вакцинасы қолданылатын болады. Екпе жағдайы төмен обасыларына тегін ұсынылады.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша күні бүгін Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея «Moderna» (АҚШ) компаниясының вакцинасын қолдануда. Ал, Еуроодақ елдері, Аргентина, Мексика, Сауд Арабиясы, Бахрейн, сонымен қатар АҚШ «BioNTech/ Pfizer», Ұлыбритания, Үндістан, Аргентина «Oxford AstraZeneca» вакциналарын пайдаланып отыр. Ресейдің Н.Ф.Гамалей атындағы ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған «Спутник V» вакцинасы бүгінде 1 миллион адамға егілген. Бұл вакцинаны қолданған елдердің қатарында Беларусь, Боливия, Аргентина, Алжир, Сербия сияқты мемлекеттер бар. Қытай мен Біріккен араб әмірлігі Аспан асты елінде жасалған төрт түрлі екпені артық көруде.
Елімізде КВИ-ға қарсы екпе 2021 жылдың соңына дейін 6 миллионға жуық адамды қамтиды деп жоспарлануда. Бұл екпе сатылы түрде өтеді. Бірінші болып халықтың оны жұқтыру және тарату мүмкіндігі жоғары тобы, яғни, жұқпалы аурулар, жансақтау, ауруханада сырқаттарды қабылдау бөлімшелерінің, санэпидстанса, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері алады. Екінші кезекте мектептер мен жоғары оқу орындарының ұстаздары мен қызметкерлері вацинацияланады. Үшінші сатыды екпе әртүрлі созылмалы аурулары бар азаматтарға қолданылады. Денсаулық сақтау министрлігі екпені қолданудың арнайы нұсқаулығын жасаған. Соған сәйкес ол екі сатыда өтеді, яғни, бастапқыда коронавирустық вакцинаның І құрамы 0,5 мл және 21 күн өткеннен кейін ІІ құрамы 0,5 мл мөлшерінде егіледі. Екпенің қолданылатын жас мөлшері, қандай әсерлері бар?...
Арнайы сұхбатты толығымен «Серпер» газетінен оқи аласыздар.
Қанат ҒҰМАРОВ
Сурет ашық дереккөзден