Вакцина салдыруда белсенділік жоғары

(0 Votes)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев ауданымызда іссапарда болып, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында шұғыл түрде жиын өткізді. Оған округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев күн тәртібімен таныстырған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев еліміздегі эпидемиологиялық жағдай және вакцинациалау жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасады. – Соңғы уақытпен сараптасақ, мемлекетімізде 1 млн 800 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Ал, жалпы облысымыз бойынша өтініш білдірушілерге 44 мыңнан астам доза салынды. Соның ішінде, Құрманғазы ауданында екпе алу жұмысы өте белсенді жүруде, бұл тұрғындардың арасында аталмыш тақырып аясында дұрыс түсінік қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда облысымызда Отандық «QazVac», ресейлік «Спутник-V» және Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған «Hayat-Vax» вакцинасы қолданылуда, әр адамның таңдау құқығы бар. Бұлардың қай-қайсына да сұраныс өте жоғары, себебі нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Вакцина алу – әр азаматтың өз еркі, оған мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ. Алайда, ол – қауіпті дертпен күресудің жалғыз тиімді амалы. Сол себепті қоғамдық иммунитет қалыптастырып, індеттің бетін тезірек қайтару үшін баршамыз өзіміз бен өзгенің өмірін сақтау жолында үлкен жауапкершілікті сезіне білуіміз қажет.

vaktsina-saldyruda-belsendilik-zhoary1

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспенсерінің бас дәрігері Жаңабай Сағиев аты жаман індет өзге де ауруларды қоздырып, адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін алға тартты. Ел арасында тараған қаңқу сөздер мен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенбей, тәжтажалға тосқауылды мейлінше күшейтуге шақырды. Жиынға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейіндегі сауалдарға нақты жауап алды.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521