«Вакцина алу-індетпен күресудің ең тиімді жолы»

(1 Vote)

Аудандық орталық аурухана директоры  Гулсара Мутиева бастаған бір топ еліміздегі эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстары жөнінде кезекті рейдін М. В. Ломоносов атындағы орта мектебінінде өткізді.

Жиынға аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, орталық аурухананың дәрігер-фтизиатры, сонымен қатар білім бөлімінің, кәсіпкерлер палатасының басшысы қатысып, вакцина алудың тиімділігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта мектебімізде коронавирусқа қарсы  40 қызметкер екпе алды. Нақтырақ айтсақ, 26 ұстаз бен 14 техникалық жұмысшы. Вакцинацияланған қызметкерлердің бәрінің жағдайы жақсы. Екпе алғаннан кейін пайда болатын алғашқы  белгілері, яғни: жеңіл дене қызуының көтерілуі, вакцинация салған жердің ауырсыну белгілері оларда да байқалыпты.

photo-2021-05-27-15-13-10

Сонымен қатар, жиын соңында вакцинаның ерікті түрде салынатындығын, оны алуға мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқтығын алға тартып, әркімнің денсаулығы өз қолында екенін айтып, қорытындылады.

 

 

Шырақбаева Назерке Шырақбайқызы

М. В. Ломоносов атындағы орта

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT