Вахталық әдіспен мал бағу мүмкін бе?

(0 Votes)

Шыны керек, қазіргі уақытта қарапайым ғана малды бағатын адам жоқ дегенді шаруа баққан жандар көп айтады.

Қарап отырсаңыз, шопан, бақташы іздеген жарнамаларды жиі көзіңіз шалады. «Айлығы пәленбай теңге, жатар орын мен тамағы тегін» немесе «Қожалыққа ерлі-зайыпты жанұяны мал бағатын жұмысқа қабылдаймыз» болып келетін хабарландыруды оқығанда ауылда екі қолға бір күрек таба алмай босқа тентіреп жүргендер неге бармасқа деп ойға қаларыңыз анық. Алайда олардың көпшілігі қой мен сиырдың соңында жүргеннен гөрі көтерме жұмыстарға жалданғанды қол көреді. Жастарды айтпағанда «Қой көрмесе де қи көрген» дегендей, үрім-бұтағымен малмен күн көргендердің де кейбір ұрпақтары бұл кәсіпке қайта оралғылары келмейді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, мал бақтырғысы келетіндер көбіне-көп базар жағалаған араққа үйірлерді, ауылда жайсыз-күйсіз жүргендерді айналшықтап азын-шоғын тиын-тебенге жұмысқа тартуды көздейді. Алдап-сулап алыстағы шаруашылығына алып кетіп, айлап-жылдап ауылдың жүзін көрсетпей құлша жұмсайтындар бар.

Сонда не істемек керек? Қалай ғана жастарымызды ата кәсібіміз мал бағу ісіне тарта аламыз? Соңғы уақыттарда малды вахталық әдіспен бағу жайлы жиі айтылуда. Бұл әдіс біздің жақта әлі қолданыла қоймағанымен өзге өңірлерде тым тәуір нәтижесін беріп отырған көрінеді. Мәселен, Алматы облысында Моңғолиядан көшіп келген қазақтар отбасы болып кезектесіп бағуды қолға алыпты. Дегенмен де еңбекақы төленуде нақтылайтын тұстары жетерлік. Вахталық әдіспен еңбекті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері барын ескерген жөн.

Толығырақ «Серпер» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT