Үш айда 4 жол-көлік оқиғасы орын алды

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын төраға орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.

- Аудан аумағында жедел жағдай тұрақты, жалпы тіркелген қылмыстар -25,6%-ға (43-тен 32-ке) төмендеп отыр. Адам өлтіру, қарақшылық, қорқытып алушылық және қарумен жасалған қылмыстарға жол берілген жоқ. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың 3 айы мерзімінде учаскелік полиция инспекторларымен жалпы саны-666 (2022 жылы-624) хаттама толтырылған, оның ішінде электрондық хаттама (планшет) –543. Есепті кезеңде АПБ-нің профилактикалық есебіне-76 (2022-45 ж.) тұлға алынды. Талдауға сәйкес жыл басынан барлығы- 145 арыз шағым тіркеліп, тиісті шешім қабылданды. Оның ішінде отбасына қатысты 37. Тұрмыстық-зорлық зомбылық профилактикасы саласында жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстардың алдын-алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен барлығы 54 (2022-32) қорғау нұсқамасы шығарылды. Әкімшілік істер бойынша 12 тұлғаға (2022-8) қатысты ерекше талаптар орнатылды. Ерекше талапты бұзған 9 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен жауапкершілікке тартылды. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған 2 әйел адам 4 баласымен дағдарыс орталығына орналастырылды. (2022- 2 әйел 8 бала).

2023 жылдың 3 айымен аудан көлемінде 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза болса, 5 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 33,3 % (3-тен 4-ке ). Қаза тапқандар саны (0-ден 1-ге) өскен. Оның ішінде 3 жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар тас жолдарда. 1-еуі ауылішілік тас жолдарда орын алған. Есепті мерзім ішінде жол жүрісі қағидаларын бұзған 841 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. (2022-595) Оның ішінде мас жүргізуші 11 (2022-17), ұялы телефон пайдалану-9, қауіпсіздік белдігін тақпаған-72.

Кадырка ауылындағы 60 пәтерлі көп қабатты үйлер тұсында жаяу жүргіншілер өткелі, автобус аялдамасы қарастырылмаған. Тұрғындар өмірлеріне қауіп төндіре отырып, тәуліктің кез келген уақытында жүйткіген автокөліктер арасымен өтіп, жол жиегінен такси мен автобус тоқтатуға мәжбүр. Қысқы мезгіл мен түнгі уақыттарда бұл жерден өту мүлдем қауіпті. Тас жол қолданысқа берілгелі аталған жол учаскесінде 4 жаяу жүргіншіні қағу фактісімен жол-көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 3 адам дене жарақатын алса, 2 адам қаза болды. 853-892 шақырымдар аралығында «СинеМидасСтрой» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары толықтай аяқталмаса да автокөліктерге жол қозғалысы ашылған. Бұл жерлерде әлі күнге жол жолағы сызылмаған, ауылдар тұстарында аялдамалар салынбаған. Жаяу жүргіншілер өткелдері жоқ, жасанды жарықтандыру шамдары орнатылмаған. Осының салдарынан Орлы ауылы тұсында жаяу жүргіншіні қағу фактісі бойынша 2 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 адам дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, 1 адам қаза тапты, - деген хабарламашы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Талғат Исаев күн тәртібінен түспейтін өткір мәселелерді қаперге берді.

Айнагүл Шакупова

(Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT