URAN: Атырау әкімдігіне алғысын айтты

(0 Votes)

"Атырауға арнайы сапармен келген "Ұран" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевпен кездесті" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кездесуге жергілікті белсенділер мен блогерлер де қатысты. Қала әкімі ұрандықтардың көтерген бірнеше тұрмыстық мәселелеріне қатысты жан-жақты жауап беріп, жасалып жатқан жұмыстар туралы кеңірек айтып берді.

Айталық, кездесуде көтерілген апатты  жатақханалар мәселесі жергілікті биліктің бақылауында тұр.

Биыл Атырау қаласында апатты үйде тұратын 813 отбасы пәтерлі болды. Осылайша, тозығы жеткен үйлердi мекендеуге мәжбүр болған халықтың 40% – ы жаңа баспанаға көшті. Алдағы жылдары 1500 жаңа пәтер ​ тапсыру арқылы өңірдегі апатты үй тұрғындарының мәселесі түбегейлі шешу жоспарланған.

Осы мақсатта жыл соңына дейін Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесі 30, 33 А және Төлебаев көшесі 44 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындары баспанамен қамтылады.

Қала әкімі күні кеше 5000 атыраулық отбасы жаңа трансформаторларға қосылғанын атап өтті.

Басқосуда көтерілген өзекті проблемалардың бірі – Атыраудың​ экологиялық ахуалы. Бүгінде Атырауда қоршаған орта проблемаларын кешенді шешуге арналған «Жол картасы» жасақталды.

​ ​ «Жол картасына» сәйкес, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін облыс аумағында 300 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін азайту көзделіп отыр. Сондай-ақ биыл қаланы жаппай көгалдандыру жұмыстары басталды.

Ал, атыраулық қоғам белсенділері бірқатар проблемалардың жылдар бойы келе жатқанына, оны шешу үшін тұрақты жұмыс жасауда екендеріне тоқталды. Облыс және қала әкімдерінің тағайындалғанына бір жыл толмаса да пандемияға қарамастан ауқымды жұмыстар ​жасалғанын атап өтті.

Кездесу барысында "Ұран" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Файзолла Қаменов жергілікті билік пен қоғам белсенділері бірлесе отырып халықты алаңдатқан өткір мәселелерді  шешіп келе жатқандарына ризашылығын білдірді.

"Сіздерге рахмет.​ Бұл жерге бір-бірімізді шұқылау үшін емес, көмек тесу үшін келдік. Облыстың намысты қыз, жігіттері бар екендігіне көзіміз жетеді. Істеріңізге сәттілік. Сіздерге рақмет!" деді Файзолла Қаменов.

Жергілікті блогерлер, қоғамдық белсенділер қатысқан жиында негізінен жекелеген

азаматтардың проблемалары, апатты үйлер жайы, экологиялық мәселелер көтерілді.

"Ұран" бірлестігінің облыс әкімдігі алдында түсіріп таратқан видеосына байланысты Атырау облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Ержан Қалымбайұлы мынандай түсінік берді.

"Ұран" бірлестігінің Атырау облысының әкімімен кездесуі жоспарланбаған болатын. "Ұран" бірлестігінің баспасөз хатшысы 30 қараша күні түске қарай хабарласып, аймақ басшысымен кездескісі келетіндерін білдірді. Жұмыс кестесі алдын ала жоспарланатындықтан, ол күнге уақыты болмайтынын айттым. Сондай-ақ, олардың көтеріп жүрген мәселелері қалаға қатысты болғандықтан, қала әкімімен кездесуді ұйымдастырып бердік. Сағат 15.30-да қала әкімімен кездесетін болып жоспарланды. Алайда, сағат 15.00-де бірлестіктің хатшысы облыстық әкімдіктің алдына келіп тұрғандарын, сондай облыс басшысымен кездескісі келетіндерін айтты. Әкімнің жұмыс кестесі тығыз әрі кездесу жоспарланбағандықтан, алдында келіскеніміздей «Ұран» өкілдеріне қала әкімі күтіп отырғанын жеткіздім. Олар қала әкімімен кездесіп, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды" дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Ержан Қалымбайұлы.

Оның айтуынша, облыстық әкімдік "халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын" коммуникацияның жаңа құралдарын қолдану арқылы белсенді түрде жүзеге асыруда.

Айта кету керек, облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл басынан бері 1479 азаматты жеке қабылдады. Аймақ басшысы 10 мәрте қабылдау өткізіп, 123 азаматты жеке қабылдады.​ Ал, облыс әкімдігінің қоғамдық қабылдау мәселесіне 1800-ден аса азамат жеке мәселелерімен хабарласып, кеңес алды.

Тәулік бойы қызмет ететін 109 бірыңғай байланыс орталығына 401 мың 604 азамат, 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметіне 396 мың 938 азамат хабарласты. Сондай- ақ, Атырау облысы әкімдігінің телеграм каналына жазылған 20 мыңнан астам тұрғын өздерін алаңдатқан сұрақтарға күнделікті жауап алуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521