«Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қон заңдылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақ көлеміндегі пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алу мақсатында рейдік шаралар ұйымдастыруда. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын профилактикалық жұмыстар оң нәтижесін береді деп есептейміз.

Т.Сарбалина,

аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521