ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 15 қыркүйектен бастап «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Ол 10 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, заңсыз қаруларды анықтау.
Шара барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырады.
Н.Құбашев,
аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі